Елімізде шетелдік компаниялар жыл санап көбейіп келеді
Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда шетелдік компаниялар саны арта түскен. Еліміздегі қаржылық тұрақсыздыққа қарамастан келімсек компаниялар саны өткен жылғыдан 2,3 пайызға артып, 9 мыңға жетті – дейді BAQ.kz порталыFinprom.kzке сілтеме жасап.
Қазақстан аймақтарындағы шетелдік компаниялардың орналасуы да бірыңғай емес, көпшілігі Алматы мен Астанада шоғырланған. Ресеймен шекаралас аймақтардағы (әсіресе Қостанай және Павлодарда), сондай-ақ мұнай өңдеуші Маңғыстау және Атырау облыстарындағы шетелдік компаниялар үлесі өсе түскен. Өзге елдің инвесторларын Қарағанды облысындағы көмір өндірісі және металлургиялық потенциалы қызықтырғаны сондай, олардың саны бұл өңірде жыл өткен сайын көбейіп келеді.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Comments are closed.