Павлодар облысы мен Ресей арасындағы сауда көлемі екі есе өскен
Павлодар облысы мен Ресей арасындағы сауда көлемі екі есе өскен
Павлодар облысы мен Ресей арасындағы сауда көлемі екі есе өскен. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразиялық интеграция аясындағы өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелері» тақырыбына арналған брифингте Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов айтты.
«Біз Ресей мен Беларусьтен тауарды сатып алғаннан гөрі, оларға сататын тауарымыз басым. Біздің негізгі сауда серіктесіміз – Ресей. Бұл елмен сауда көлемі үш жылда екі есе өскен. Өткен жылы ол 3 миллиард доллар шамасында болды. Біздің өңірге машина жасау, химия, металлургия, құрылыс материалдары, азық-түлік және халықтық тұтыну тауарлары жеткізіледі. Экспорт бойынша негізгі тауарлар – алюминий, электр энергиясы, көмір және өзге де бірқатар тауарлар. Соңғы жылдары Ресейге жеткізілетін электр энергиясының көлемі артты. Егер 2009 жылы 800 миллион кВт.сағат болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 2,5 млрд кВт.сағатқа жетті», - деді Д.Тұрғанов.
Сондай-ақ, көмірдің жылдық экспорты да 16 миллион тоннадан 24 миллион тоннаға дейін өскен екен.
Айымгүл ӘБІЛЕВА
Ақпарат көзі: www.bnews.kz