Қазақстандық боксшылар Риода қарсыластарынан құпия жаттығуда
Қазақстандық боксшылар Риода қарсыластарынан құпия жаттығуда
Қазақстандық боксшылар Рио-де-Жанейрода алғашқы жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті. «Біздің команда Риодағы алғашқы дайындықтарына аттанды. Жаттығулар олимпиадашыларға арнайы салынған Athlete's Hall жаңа кешенінде өтеді», - делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында. Жаттығу процесін қарсыластардан құпия сақтау мақсатында, шаршы алаң арнайы экрандармен қоршалған, деп хабарлады ҰОК. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат