Спорт және туризм

Риода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты мен отшашудың дайындығы өтті

Риода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты мен отшашудың дайындығы өтті

Риода Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты мен отшашудың дайындығы сәтті өткізілді. Бірақ қаладағы қауіпсіздік мәселесінің әлі де ақсап тұрғаны әшкере болды. Елдегі ең басты стадионның жанында адам тоналған. Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионының үсті түрлі-түсті отшашумен көмкерілді. Осылайша, Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық пысықталды. Бірақ көптеген ұтымды сәттер әлі құпия сақталып отыр. Камила Алмедиа, ерікті: - Тосынсыйларды айтып бере алмаймын. Бірақ бәріне ұнайтынына сенімдімін. Достарымнан бейнежазбаға түсіруді өтіндім. Себебі өзім жүгіріп жүріп, бұл қызықты көре алмай қаламын ғой. Шоу өте әдемі болады. Алайда көрікті көрікті көрініске көзайым болған көпшіліктің көңіл-күйін суық қолды ұрылар бұзды. Олар дәл стадионның іргесінде отшашуды тамашалап, тамсанып тұрған адамды тонап кеткен. Полицияның өзі оқиға орнына 1 сағатқа кешігіп, әрең жетті. Тиаго Оливейра, куәгер: - Бұл барып тұрған бассыздық. Олимпиаданың басталуына 1 апта ғана қалды. Тез арада ұры-қарының жолын кесу керек. Айта кеткен жөн, Олимпиада алауы 5тамызда жағылады. Жазғы ойындар кезінде Рио көшелерінде 85 мың полицей мен сарбаздар кірпік ілмей кезекшілік етеді. Ақпарат көзі: www.24.kz