Денсаулық

«OTAU TV» арналарының топтамасына төлем қымбаттайды

«OTAU TV» арналарының топтамасына төлем қымбаттайды

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының «Толық» арналар топтамасын көру үшін абоненттік төлем айына 2000-нан 2500 теңгеге дейін көтеріледі. «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара шетелдік телеарналарды ретрансляциялау бойынша құқықтарды алуға шығындардың айтарлықтай өсуімен байланысты. Бір жарым жылдың ішінде ұлттық валюта - теңгенің бірнеше рет құлдырауын есепке ала отырып, компания абоненттік төлем сақтау үшін резервті қарастырды. Осы абоненттік төлемнің көбеюі қызметтің құрамында рейтингтік қымбат тұратын шетелдік арналарды сақтау мақсаттарында шығындарды өтеу үшін мәжбүрлі шара болып табылады. Компанияда түсіндіруінше, шетелдік және отандық арналарды ретрансляциялаумен байланысты шығындар тұрақты түрде өсуде, бұл ретте «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының қызметтері үшін қалыптасу күнінен бастап құны ешбір көтерілмеді. Ретрансляция үшін төлемді, соның ішінде атақты бағдарламаларға контент пен франшизаны шетелде алғандықтан таяу шетелдік елдердің құқық иелері де шетелдік валютада төлейді. Осыған байланысты, долларға деген теңге бағамының екі есеге өсуіне байланысты түсіп жатқан табыстар шетелдік телеарналарды таратуға құқықтарды сатып алу бойынша шығындарды өтемейді. - «Қазтелерадио» АҚ ұсынып отырған қызметтердің сапасын арттыру, контентті кеңейту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде өткізуде. Осылайша, «Толық» арналар топтамасының құрамына 115 телерадиоарналар кіреді, соның ішінде 60-тан астамы - бұл әйгілі шетелдік телеарналар. «OTAU TV» жерсеріктік телевизияны іске қосу кезінен бастап 5 жыл өтті, ақылы арналардың саны тұрақты түрде өсті, соның өзінде абоненттік төлем бастапқы деңгейде қалып отырды, сондай-ақ біз оны бірнеше рет төмендеттік. Экономикалық жағдай өзінің шарттарына мәжбүрлеген кезде біз абоненттік төлемді арттырмадық. Біздің тұтынушылармыз осы жағдайға түсінушілікпен қарайды деп үміттенеміз, - деп атап өтті «Қазтелерадио» АҚ Телерадиокомпаниялармен өзара әрекеттестік жөніндегі департаменттің директоры Гульмира Балтабаева. Еске сала кетсек, «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясы Қазақстан Республикасының 100% аумағын  қамтитынын және Қазақстанның шалғайдағы өңірлердің тұрғындары арасында ақпараттық теңсіздікті жою бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда бірінші кезең болып табылатынын еске саламыз. Абоненттердің саны 1 млн отбасына қамтиды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат