Экономика

Жамбыл облысында қара уылдырық өндірілетін болады

Жамбыл облысында қара уылдырық өндірілетін болады

Жамбыл облысының нарығына қара уылдырықтың алғашқы топтамасы (100 келі мөлшерінде) 2017 жылы түсетін болады, - деп хабарлайды «Zhambylnews». Жеңсік астың басты өндірушісі - «ЛКЗ» ЖШС-і. Бүгінгі күні зауытта бекіре тұқымдас балықтың төрт түрі өсіріліп жатыр: орыс бекіресі, лендік бекіре, сібір-орыс бекіресінің гибриді және бестер. Зауыттың күш-қуаты жылына 60 тонна сатылымдағы балықты және 2 тонна бекіре уылдырығын өндіруге жетеді. Аталған жоба Жамбыл облысында 2014 жылдан бастап қолға алынған. Ет және бекіре балығы уылдырығын өндіретін «ЛКЗ» ЖШС-і технологясы «Люкс» классындағы өнімді алуға мүмкіндік береді. «ЛКЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Халит Базаралиевтің айтуынша 6 жылдан соң бекіре уылдырығының жылдық мөлшері 7-8 тоннаға дейін жететін болады. Айта кетейік, 27, 8 мың шыршы шақырым аумақта орналасқан «ЛКЗ» ЖШС-і көп салалы жәнеқалдықсыз өнім өндіретін өндіріс орны болып табылады. Сондай-ақ мұнда асыл тұқымды жылқы өндірісі, шошқа және өсімдік өсіру қолға алынған.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат