Мәдениет

Биыл Қазақстанда әлемдегі ең ірі мұражай ашылады

Биыл Қазақстанда әлемдегі ең ірі мұражай ашылады

 Биыл 6 шiлде күнi 14 залдан тұратын әлемдегi ең iрi мұражайлардың бiрi Қазақстанның ұлттық музейi ашылмақ. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлiмдедi.

 «6 шiлде күнi Қазақстанда ұлттық музей ашылмақ. Ол дүние жүзiндегi ең iрi музейлердiң бiрi болмақ. Оның ерекшелiгi көне дәуiрден қазiргi Қазақстан тарихын қамтымақ. Онда 14 зал бар, оның 12-сi нақты бағытталған залдар. Атап айтар болсақ, археология, XV ғасырдағы Қазақстан, Тәуелсiз Қазақстанның жетiстiгi, сақ пен ғұн дәуiрiндегi артефактiлер сынды залдар болмақ. Сонымен қатар, музейде Астана қаласының жетiстiгi де көрсетiледi. Егемендiк жылдарындағы елiмiздiң спорт, ғылым, бiлiм, өнеркәсiп және тағы да басқа салалардағы жетістiктерi көрсетiледi, - дедi А.Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, мәдениет министрi ұлттық музей барлық мұражайлардың басын бiрiктiретiн орталыққа айналатындығын атап өттi.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz