Қазақстандағы жанармай құю бекеттері бір орталыққа біріктіріледі
Елімізде алдағы бес жылдың ішінде 300-ден астам жанармай құю бекеті біріктіріледі. Бұл туралы бүгін « Орталық коммуникациялар қызметінде «Бірыңғай республикалық желі құру және инвестициялау арқылы 300-ден астам ЖҚБ-ны біріктіру» деген тақырыпта өткен баспасөз мәжілісінде «КНПЗ» ЖШС бас директоры Дәулет Қалиханов айтты.
Оның айтуынша бұл жобаларды жүзеге асыру үшін 50 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсалады екен. Одан бөлек алдағы уақытта талон, жеңілдетілген карталар болмайды. «КНПЗ» басшысы оның бәрі өткен күннің еншісінде қалады деп отыр. Жүргізушілер жанар-жағармайды қолма-қол ақшасыз-ақ мобильді қосымша арқылы сатып алатын болады.
Comments are closed.