Рио билігі Олимпиада кезінде қоғамдық қауіпсіздікке толық жауап бере алмайтынын ескертті
Рио билігі Олимпиада кезінде қоғамдық қауіпсіздікке толық жауап бере алмайтынын ескертті
Рио-де-Жанейро - әлемдегі ең қауіпті қалалардың бірі. Онда түнде туристер аймағында нашақорлардың қаруланған тобы жүреді, деп жазады Би-Би-Си. Бұл қалада бандалармен көшедегі атыс кезінде жазықсыз адамдар көбіне полиция оғынан қаза тауып жатады. Сондықтан, жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлері Олимпиада кезінде қоғамдық қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз ете алмауы мүмкін екенін ескертті.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат