Жаһан

EXPO ісі бойынша сотталушыларға шыққан үкім өзгеріссіз қалды .

EXPO ісі бойынша сотталушыларға шыққан үкім өзгеріссіз қалды .

EXPO ісі бойынша сотталушыларға үкім өзгеріссіз қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2016 жылы 26 шілдеде Астана қалалық сотының қылмыстық іс бойынша сот алқасы Ақпамбетов Н.М., Ақылбаев Р.С., Найзабеков С.М., Талғат Сағындықов, Ерлан Тілеуов, Сейіт Сейітов, Марс Шорманов, Алпысбек Тілекмектов және Қажымұрат Үсеновтердің апелляциялық шағымын қарастырды. Сот бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертусіз қалдырды", - деді соттағылар. Еске салайық,2016 жылдың 7 шілдесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот прокурормен процесстік келісім жасасқан "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның бұрынғы 11 қызметкеріне қатысты шешім шығарған блатын. "Қылмыстық сот iсiн жүргiзу қорытындысы бойынша келісу өндірісінде айыпталушылардың барлығына тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды және процессуалдық келісімнің шарттарына сәйкес әр түрлі жазалар тағайындалды. Айта кетейік, EXPO ісі бойынша басқа фигуранттарға оның ішінде ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Еомегияевте бар сот процесін басқа сот қараған. Үкім 9 маусымда шыққан. Ермегияевқа 14 жыл бас бостандығын қатаң режимдегі колонияда өткізілсін деген үкімі шығарылған.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz