Құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың барысын online көруге болады
Бұдан былай облыста жаңадан бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың барысын онлайн тәртіпте көруге болады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл жұмыстардың мақсаты облыс басшылығының кез келген уақытта кез келген аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектеп пен балабақшаның сапасы мен жүріп жатқан жұмыстардың барысын қадағалау үшін жасалған.
Айта кетейік, Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың онлайн көрсетілімін Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтынан көруге болады. Ол үшін интернет ресурстың басты бетіндегі «Бейнебақылау» айдарына еніп, құрылыстың барысын виртуалды түрде бақылай аласыз.
Құрылғыларды орнатудың тағы бір артықшылығы, құрылыс нысандары аяқталған соң орнатылған камералар мекемелердің еншісінде қалады. Бұл өз кезегінде, ондағы қауіпсіздікті сақтап, бақылауда көмек болары сөзсіз.
Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, мемлекеттік органдардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы ғана сапалы құрылыс жұмыстарын орындау үшін осындай жаңалық ашып, қолданысқа енгізіп отыр.
Comments are closed.