Саясат

Клинтон ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат болып ұсынылды

Клинтон ресми түрде АҚШ президенттігіне кандидат болып ұсынылды

Экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Демократиялық партия атынан АҚШ  президенттігіне үміткер болып ресми түрде ұсынылды. Осылайша ол ел тарихындағы президенттікке кандидат алғашқы әйел болып танылды, деп хабарлады  РИА Новости. Дауыс беру кезінде Клинтон Филадельфияда өтіп жатқан партиялық съезд делегаттарының қажетті 2383 дауысын жиды. Үдеріске сәйкес, енді Клинтон президент сайлауына қатысуға ресми келісімін беру керек. Ол бейсенбі күні сөз сөйлейді және бұл  съездің қорытынды шарасы болмақ. АҚШ-та сайлау 8 қарашада өтеді.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат