Қолдан жасалған Lamborghini көлігімен жүрген қытайлық азаматқа айыппұл салынды
Қолдан жасалған Lamborghini көлігімен жүрген қытайлық азаматқа айыппұл салынды
Қолдан жасалған Lamborghini көлігімен жүргені үшін қытайлық азаматқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Kolesa.kz. Оқиға Чжухай қаласында болған. Полиция қызметкерлері тіркелмеген көлікті тоқтатып, оның қолдан жасалған көлік екенін анықтаған. Ол көлік түрлі көлік модельдерінің, оның ішінде Lamborghini мен Mercedes-McLaren көліктері бөлшектерінің қоспасынан жасалған екен. Сондай-ақ, көліктің капотында Porsche белгісі көрінеді. Қытай азаматына қолдан жасалған көлікті қалада айдағаны үшін тек 700 доллар емес, мүмкін болған 12 айыппұлдың тағы да алтауы салынған. Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 2013 жылы Алматыда да болған еді. Онда ер адам қалада дөңгелегі бар ваннада жүріп өткен болатын.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz