Ел жаңалықтары

Аяғы жоқ, қолы жоқ... қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ... қайтіп күн көрер?

Индонезияда Тийо Сатрио есімді қол-аяғы жоқ бала өмір сүруде. Бұл – оның туабітті кемістігі. Балғын қазір 11 жаста.

Мұндай жағдайға душар болған кім-кімнің де өмірден күдер үзуі мүмкін. Алайда, Тийо қол-аяқсыз-ақ бақытты болуға болатынын көрсеткісі келеді. Тийо мектепке де барады екен. Арбаға таңылған балақайдың әрі-бері жүруіне сыныптастары көмектесетін көрінеді. Жазу-сызуды да үйренген. Қарындашты аузымен тістеп жазады. Математика пәнінен сабақ беретін мұғалімі оның екінші сыныпта-ақ төртінші сыныпқа арналған есепті шеше алғанын айтады. Сабақтан соң ол иегімен басқарып, Playstation ойнағанды ұнатады екен.