Экономика

Әбу-Дабиде Solar Impulse 2 ұшағының жершарын айнала жасаған саяхаты сәтті аяқталды

Әбу-Дабиде Solar Impulse 2 ұшағының жершарын айнала жасаған саяхаты сәтті аяқталды

Күн батареяларымен жұмыс істейтін Solar Impulse 2  ұшағы өзінің жершарын айнала жасаған саяхатын БАӘ-де аяқтады, деп хабарланды жобаның Twitter-дегі ресми шағын блогында, деп жазды  РИА Новости. Жексенбіде ұшақ Мысырдан БАӘ-ға ұшқаны туралы хабарланды. Solar Impulse 2 бір апта бұрын соңғы қалаға ұшуы тиіс еді, алайда ұшқыш Бертран Пикардың ауыруына байланысты кейінге шегерілді. "Solar Impulse 2 және Бертран Пикар Әбу-Дабиде сәтті  қонды", - деп жазылды жоба Twitter-інде. Ұшқанда күн энергиясын пайдаланатын Solar Impulse 2 жер шарын айналу шартын 2015 жылы 9 наурызда Әбу-Дабиден бастады. Ол Оман (Маскат), Үндістан (Варанаси), Мьянма (Мандалай), Қытай (Чунцин және Нанкин), Жапония (Нагоя) және АҚШ-тың бірнеше қалаларында болды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат