- Advertisement -

Әбу-Дабиде Solar Impulse 2 ұшағының жершарын айнала жасаған саяхаты сәтті аяқталды

108

- Advertisement -

Күн батареяларымен жұмыс істейтін Solar Impulse 2  ұшағы өзінің жершарын айнала жасаған саяхатын БАӘ-де аяқтады, деп хабарланды жобаның Twitter-дегі ресми шағын блогында, деп жазды  РИА Новости.

Жексенбіде ұшақ Мысырдан БАӘ-ға ұшқаны туралы хабарланды. Solar Impulse 2 бір апта бұрын соңғы қалаға ұшуы тиіс еді, алайда ұшқыш Бертран Пикардың ауыруына байланысты кейінге шегерілді.

«Solar Impulse 2 және Бертран Пикар Әбу-Дабиде сәтті  қонды», — деп жазылды жоба Twitter-інде.

Ұшқанда күн энергиясын пайдаланатын Solar Impulse 2 жер шарын айналу шартын 2015 жылы 9 наурызда Әбу-Дабиден бастады. Ол Оман (Маскат), Үндістан (Варанаси), Мьянма (Мандалай), Қытай (Чунцин және Нанкин), Жапония (Нагоя) және АҚШ-тың бірнеше қалаларында болды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support