Түркияда өлім жазасы күшіне енсе, Еуроодаққа мүше бола алмайды
Түркияда өлім жазасы күшіне енсе, Еуроодаққа мүше бола алмайды
ақпарына сәйкес, өлім жазасы заңды күшіне енетін болса, Түркияға Еуропалық Одақтың (ЕО) есігі жабылуы мүмкін. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді. «Егер Түркия бұл істі заңды тұрғыда құптайтын болса, Еуроодақ құрамына қабылдануын тоқтатамыз. Бірақ қазіргі жағдайымен енуі екіталай», – деді Жан-Клод Юнкер. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ыстанбұлда бір топ жиналған адам әскери төңкеріс жасамақ болғандарды өлім жазасына кесуін талап еткен. Ал 18 шілде күні мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған халықтың талабы бойынша оның жүзеге асуы мүмкін екендігін айтқан болатын. «Демократияда халықтың талабын ескеру қажет. Біз жазаның ең ауыр түрін кейінге қалдырмаймыз. Себебі, билікті басып алмақ болғандар жауапқа тартылуы тиіс», – деген еді ел президенті. Соңғы ресми мәлімет бойынша, 16 шілдеге қараған түні сәтсіз төңкерістен 290 адам қаза тапқан. Айта кетейік, 2002 жылға дейін Түркияда дарға асу жазасы қолданылып келген екен. ЕО мүшелігіне ену шартын орындау мақсатында жүзеге асыру тоқтатылған болатын.
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан