Талапкерлер үшін отыз екі мыңға жуық білім гранты бөлінді
Биыл жоғары оқу орындарында бакалавр мамандарды даярлау үшін 31 702 грант бөлінді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Мұның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін 5000, гуманитарлық ғылымға – 700, құқық саласына – 100, өнерге – 170, әлеуметтік ғылымдарға – 700, жаратылыстану ғылымдары бойынша – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар үшін – 12593, әскери іс және қауіпсіздікке – 60, медициналық мамандықтарға – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринарияға – 2690 грант қарастырылған.
Білім және ғылым министрлігі тарапы магистр мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 7429 орынға, бейінді магистратураға 3000 орынды құрағанын мәлімдеді.
PhD докторантура бойынша мемлекеттік тапсырыс 628 орынды құраса, оның 43 орыны Назарбаев Университетіне бөлінді.
Тапсырыстың ішінде 3 162 грант Серпін-2050 жобасы бойынша «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» бағдарламасына бөлінген. Сондай-ақ, 1000 грант – педагогикалық, 1717 – техникалық, 345 – ауыл шаруашылығы және 100 орын медициналық мамандықтар үшін арнайы қарастырылып отыр.
Comments are closed.