ҚР СІМ: Қазақстан Елшілігі Мюнхен полициясымен тұрақты байланыста
ҚР СІМ: Қазақстан Елшілігі Мюнхен полициясымен тұрақты байланыста
Мюнхенде Қазақстан Елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты түрде байланысып отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады. «Дәл қазір қаза тапқан, жараланған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Жаңалықтар болып жатса, сіздерге хабар береміз», - деді ол. Айта кетейік, жұма күні кешке Мюнхен орталығындағы «Олимпия» сауда үйі маңына қарулы шабуыл жасалды. Нәтижесінде, 9 адам мерт болып, 16 адам ауруханаға жатқызылды. Полиция 18 жастағы Иран тумасының оқ атқанын хабарлады, оның себеп-салдары әлі анықталмады. Полиция мәліметі бойынша, шабуылшы жалғыз әрекет еткен және өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін. -Мюнхендегі шабуылды террористік акт деп санау керек пе, жоқ па, әзірге белгісіз -, деп мәлімдеді қалалық полиция басшысы Хубертус Андре.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат