Үндістанның әскери ұшағы Бенгал шығанағында жоғалып кетті
Үндістанның әскери ұшағы Бенгал шығанағында жоғалып кетті
Үндістанның Ан-32 әскери-көлік ұшағы Бенгал шығанағы маңында жоғалды, деп хабарлады Би-би-Си агенттігі Үндістанның Әскери әуе күштеріне сілтеме жасай отырып. Лайнер бортында 20-дан астам адам болған. Ұшақ елдің оңтүстігіндегі Ченнаи қаласынан әскерилерді Оңтүстік Андаман аралындағы Порт-Блэрге тасымалдаған. Жергілікті билік іздеу шараларын бастады. Оған ұшақтар мен кемелер жұмылдырылды. Үндістан ӘӘК өкілі Франс-пресс агенттігіне ұшқыштар диспетчермен Ченнаидан ұшып шыққаннан 15 минуттан кейін соңғы рет байланысқа шыққан. Ан-32 әскери-көлік ұшағы 1970 жылы алғаш рет әуеге көтерілді, ал қолданысқа 1984 жылдары берілген. Үндістанның әскери әуе күштерінде осындай жүзге жуық ұшақ бар.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат