Денсаулық

Сұлтан Жиенбаевқа ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Сұлтан Жиенбаевқа ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді. Аталған Қаулы ресми БАҚ-та жарияланды.  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы

  

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:

  1. Қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

  Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 шілде  №302

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат