Денсаулық

Айбын Шағалақ «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары болып тағайындалды

Айбын Шағалақ «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары болып тағайындалды

Белгілі журналист, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің қызметкері, әріптесіміз Айбын Шағалақ бүгін «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Фейсбуктегі парақшасында жария етті, - деп жазды ҚазАқпарат. src=

«Кезінде «ҚазАқпарат» ұлттық (халықаралық - агенттік ескертпесі) ақпарат агенттігінде, «Алаш айнасы» газетінде және Президент әкімшілігінің баспасөз қызметінде жауапты қызметтер атқарған белгілі журналист Айбын Шағалақ бүгін «Егемен Қазақстан» газетінің бас редактор орынбасары болып тағайындалды. Әріптесімізді құттықтай отырып, сәттілік тілеймін!», - деп жазды Дархан Қыдырәлі.

ақпарат көзі zhambylnews.kz