Италияның «Моцарелласы» Жуалыда өндірілуде
Италияның «Моцарелласы» Жуалыда өндірілуде
Жуалы ауданындағы жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов «Моцарелла» атты ірімшік түрін шығаруды қолға алды. «Моцарелла» (Mozzarella) Италия елінің Кампания өңірінде өндірілетін ірімшіктің бір түрі болып табылады. Орынбасар өзінің отбасылық кәсібін 2011 жылы бастаған. Алғашқыда мал өсірумен шұғылданған Мешеловтер отбасы бүгінде сол малдан май, чечил, ірімшік сынды өнімдерді шығаруды қолға алған. – «Моцарелланы» шығарғанымызға он шақты ғана күн болды. Құрамын тауып, оны әзірлеуге он күндей уақыт жұмсадық. Нәтижесі жақсы болды. Келіндерімнің бірі технолог, бірі инженер болып жұмыс істейді, ал өзім химикпін. Сондықтан «Моцарелланың» құрамын тауып, оны дайындау аса қиын болмады. Бұл өнім елімізде сұранысқа ие, әрі шетелдерден келетін «Моцарелладан» бағасы арзан, – дейді жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов. Сатылымға шыққанына аз ғана уақыт болса да, аталған өнім сұранысқа ие тауарға айналған.
«Ақ жол-Ақпарат».