Аяғы жоқ, қолы жоқ, бала қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ, бала қайтіп күн көрер?
Индонезиялық 11 жастағы Тийо Сатрио өмірге қол-аяқсыз келген. Оның орнында болса, кім-кім де өмірден күдер үзуі мүмкін еді. Алайда, Тийо қол-аяқсыз-ақ бақытты болуға болатынын көрсетті. Бұл туралы LIFENEWS.RU жазады. Тийо мектепке барады, жазу-сызуды үйренген. Қарындашты аузымен тістеп жазады. Арбаға таңылған Тийоның әрі-бері жүруіне сыныптастары көмектеседі. Математика пәнінен сабақ беретін мұғалімі оның екінші сыныпта-ақ төртінші сыныпқа арналған есепті шеше алатын болғанын айтады. Сабақтан соң ол иегімен басқарып, Playstation ойнағанды ұнатады.