Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Мектеп ғимараты жаңарады

Қаладағы бірнеше мектеп пен балабақша нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 699532,0 мың теңге бөлінген еді. Соның бірі – №37 орта мектеп. Сонау 1979 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген мектепке 128 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмысын «АрМаНұр» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмысы алдағы жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп күтілуде.