Қажылыққа аттанатындар да қатаң бақылауға алынбақ
Қажылыққа аттанатындар да қатаң бақылауға алынбақ
Жат ағымның жетегінде жүрген жастардың сойқанынан кейін бүгін президент дінге тікелей жауапты Мәдениет министрін жұмыс кабинетіне шақыртты. Ақордаға алқынып жеткен Арыстанбек Мұхамедиұлы дінге қатысты заңның бастан-аяқ қайта жазылып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды КТК арнасы.
“Сіз дінге қатысты нақты тапсырмалар қойдыңыз. Органдармен бірлесіп заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс білдіріп отырмыз”, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Енді еліміздегі діни ұйымдар тегіс тексеріліп, радикалды ағымдарға қарсы идеологиялық күрес күшейтіледі. Діни кітаптардың мазмұны сараптамадан қайта өтіп, шетел асып келетін оқулықтардың таратылуына тыйым салынбақ. Тіпті қажылыққа баратындар қатаң бақылауға алынады. Діннен бөлек, тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Рио Олимпидасына жауапты Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасыға бұл ауқымды шараларға дайындық барысын да айтып берді. Бұдан соң президентке Ауыл шаруашылығы министрі кіріп, егін ору науқанына әзірлік жайын баяндады. Сандарға толы есебін қағазға қарамай жатқа соққан Асқар Мырзахметов шаруаларды арзан жанармаймен жарылқауға уәде етті. Оның үстіне диқандарға биыл жеңілдетілген пайызбен 60 миллиард теңге таратылған екен.