Жаһан

Альварес желтоқсанда Головкиннің салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Альварес желтоқсанда Головкиннің салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) биыл желтоқсан айында орта салмақта жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Бұл біздің мақсатымыз. Біздің жоспарымыз, - деп келтіреді Альварестің сөзін RingTV телеарнасы. - Біз жоғары көтерілу туралы ойлап отырмыз. Не болатынын білмейміз, бірақ біздің жоспарымыз осындай". Айта кетейік, 17 қыркүйекте Альварес бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездеседі. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтеді. Бірақ бастапқыда жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын. Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жектің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz