Криштиану Роналду: Мен мұсылмандарды сүйемін, себебі...
Криштиану Роналду: Мен мұсылмандарды сүйемін, себебі...
Әлемдік футболдың жарқын жұлдыздарының бірі, аты аңызға айналған португалдық спортшы Криштиану Роналду мұсылмандарды және ислам дінін жақсы көретінін мәлім етті. «Менің балалық шағым қиын болды. Ағам екеуміз бір төсекті бөлісіп ұйықтадық. Ойыншық сатып алатын ақша болмады. Өзге қатарластарым сияқты оқуға жаяу бардым, кедейлік салдарынан сабақтан қалып қойған кездерім көп» деп өткенін еске алады Роналду. «Мен доп ойнап, осы арқылы басыма түскен қиыншылықтарды ұмытқым келетін. Доптан бар ашуымды алатынмын. Мен қазір аштық азабын тартқан африкалық балаларды көргенде оларға атақ-даңқ үшін көмектеспеймін. Мен ол балалардың басынан өткерген нәрсені өз басымнан кешіп өттім. Ал палестиналық балалар менің атымды айтып, жылағанын көрген кезде мен өзімді ұстай алмаймын. Тағы да айтамын, садақаны атақ-абырой үшін жасамаймын. Менімен жақын араласатын адамдар қандай екенімді біледі. Мен мұсылмандары жақсы көремін, себебі олардың өмірі саған не нәрсенің қадірлі немесе зиянды екеніне ой жүгіртуге шақырады. Мен мұсылмандарды сүйемін, себебі олардың өмірі ғажап және барлық нәрсені айқындап алған, надандық пен тәртіпсіздікке жол бермейді. Мен Ислам туралы көп оқыдым, қазіргі БАҚ беттерінде айтылып, көрсетіліп жүрген дүниелердің барлығы жалған, адасушылық» деді К.Роналду. Еске салсақ, Роналду 2016 жылдың наурыз айында Иорданияның батыс жағалауында израиль басқыншыларының шабуылына ұшыраған 5 жасар балақаймен арнайы кездескен болатын. Роналду әркез мұсылмандарға құрметпен қарап, исламдағы қасиетті мерекелерде мұсылман қауымына өз құттықтау тілегін жібереді. Белгілі бір ұйымдардың қолымен жасалған терактілерді бүтін бір дінге жабуға күш салу көбірек байқалатын уақытта ол бұл әрекеттердің шынайы ислам діні мен бейбітсүйгіш мұсылмандардан тыс екенін айтады. Ақпарат көзі: alashainasy.kz