Марқұм журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді
Марқұм журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді
Қызылорда облысының Шиелі кентінде танымал журналист Руслан Бөлебайдың атына көше берілді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Руслан Бөлебай 2009 жылдың 16 тамызында жол апатынан көз жұмған. Ол кезде журналист небәрі 25 жаста болатын. Көзі тірісінде бірнеше басылым мен арнада жұмыс істеп, Мұхтар Шаханов, Майра Ілиясова, Бақтияр Тайлақбаев, Маржан Арапбаева және Ақерке Тәжібаева сынды танымалдардың кешін жүргізген. Артынша тележүргізушіліктен бөлек ән айтуды қолға алған. “Кең дала”, “Сен болмасан”, “Жанарым”, “Елес”, “Мөлдір моншақтар”, “Кешікпей келем деп ең”, “Махаббатпен ойнама сен”, “Іңкәрім-ай” сынды туындыларды орындаған. “Русланжанның атына көше берілді! Жəннатта нұрың шалқысын! Елдің тілегі, дұғасы қабыл болғай!” – дейді Роза Әлқожа. Көше берілу салтанатына продюсер Алтынбек Рахметов пен дәстүрлі әнші Майра Ілиясова қатысқан.
Ақпарат көзі: Stan.kz