Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр
Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр
Samsung экраны бүктелетін алғашқы смартфонды дайындап жатыр, - деп хабарлайды Macdigger.ru Samsung компаниясы экраны бүктелетін смартфонның бірінші түрін 2011 жылы таныстырған болатын. Сол уақыттан бері желіде осындай сериялы смартфондардың жарыққа шығатыны туралы қауесеттер де айтылған еді. Экраны бүктелетін смартфонның алғашқы түрін таныстырғаннан кейін, яғни бес жылдан соң корейлер бұл смартфондарды жаппай өндіруді шешті. Сонымен қатар, Samsung компаниясының жаңа патенттеріне қарағанда Сеулдегілер бұл смартфонның технологияларын жүзеге асыруға барын салып жатыр. Ал компанияның басқа патенттерінде қолданушы мен смартфонның арасындағы байланыс туралы айтылады. Мысалы, гаджет оны бүктеген кезде команданың барлығын орындай алады. Сонымен қатар, смартфон оны арлы-берлі қозғалту арқылы басқа да фунцияларды атқарады. Айта кетейік, Samsung компаниясының планшеттерді, электрондық оқулықтарды және басқа да құрылғыларды, оның ішінде көзілдіріктерді және ноутбуктерді шығаруға құқық беретін куәлікті алды.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz