Саясат

Баян өлгейге көмек беріледі

Баян өлгейге көмек беріледі

Ұлан-Батырда XI АСЕМ саммитіне қатысу аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен кездесті. Бұл туралы ол өзінің «Instagram»-дағы аккаунтында жазды. К. Мәсімов моңғол көшбасшысын ұлттық мейрамы Наадаммен құттықтап, бауырлас елге бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі. Әңгімелесу барысында тараптар сауда және инвестициялар саласындағы екі жақты өзара іс-қимылды кеңейтудің ағымдағы жағдайын және перспективаларын талқылады.

* * * Ұлан-Батырда өтіп жатқан XI АСЕМ саммиті аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен әңгімелесу барысында Кәрім Мәсімов машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы қазақстандық-чех ынтымақтастығын дамытуға әлеуетті айтып өтіп, Қазақстан Чехияны маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты. Саммит алаңдарында К. Мәсімов Моңғолия Премьер-Министрі Жаргалтулга Эрдэнэбатпен кездесіп, АСЕМ саммитінің сәтті өтуімен құттықтады. ҚР Премьер-Министрінің пікірінше, Ұлан-Батырда аса жоғары деңгейде форум өткізу елдің алдағы дамуына септігін тигізеді. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес қауымдастықтарының байланыстарын нығайту мәселелерін талқылады. К.Мәсімов біздің елдердің арасындағы сауда айналымын арттыруға зор әлеуетті айтып өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға дайындығын білдірді. Оның пікірінше, өзара тиімді серіктестікті реттеу үшін аса перспективалы салалар энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, алтын және уран өндіру және өңдеу болып табылады. Финляндия Премьер-Министрі Юхой Сипилямен әңгімелесу барысында К.Мәсімов жан-жақты экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылығын білдіріп, финдік серіктестерді Қазақстан аумағында бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Қазақстан Премьер-Министрі мен Румыния Премьер-Министрі Дачиан Чолоштың кездесуінде өзара сауда және инвестицияларды арттыруға және кеңейтуге мүмкіндіктері, сондай-ақ БҰҰ, ОБСЕ және басқа халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді үйлестіру талқыланды.

* * * Моңғолияға келген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Өлгей қаласына барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Өлгей қаласы орналасқан аймақ ха­л­қының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7 пайызын қазақ­тар құрайды. Кәрім Мәсімов Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сыр­масымен Үкімет Өлгей қала­сын­дағы селден зардап шеккен отба­сы­ларға қаржылай көмек көрсе­тетінін атап өтті. Премьер-Министр жақын күн­дері көрсетілетін қолдау қан­дас­тары­мызға табиғи апат сал­дарын жою­ға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді. Айта кету керек, Моңғолия­ның Өлгей қаласында 10 шілде күні сел жүріп, соның салдарынан тұрғын үйлер қирап, су астында қалған еді.