Жаһан

Қостанай облысында «Қазпошта» АҚ филиалының қызметкері қайтыс болған зейнеткердің ақшасын ұрлаған

Қостанай облысында «Қазпошта» АҚ филиалының қызметкері қайтыс болған зейнеткердің ақшасын ұрлаған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Троебратское ауылының 32 жастағы тұрғыны, «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің басшысы болған кезде 2015 жылдың қыркүйегінен қараша айына дейін бақилық болған ауылдасының зейнетақысын жымқырған, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен. 1934 жылы туған зейнеткер  Троебратское ауылында тұрған және жалпы сомасы 79544 теңгені құрайтын зейнетақы алған.  Ресей Федерациясында тұратын балаларына барған ол 2015 жылы қыркүйек айының соңында сол жерде көз жұмды. Қазпошта қызметкері мұны білген. Қазан айының соңында ЗТМО-дан (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) зейнетақы алатындардың тізімі келген. Ол бойынша  Ч. Қаза тапқан зейнеткерге зейнетақысын төлеуі тиіс еді. Белгілі болғандай, ЗТМО қарияның бақилық болғанын білмеген. Қыркүйек және қараша айларында азаматша Ч. ұрлаған ақша көлемі 159 мың теңгені құрады. Сонымен қатар «Қазпошта» қызметкері пошта бөлімшесі арқылы «Хоум Кредит Банк» АҚ-ға ай сайын 8 мың теңге көлемінде несие төлеген Троебратное ауылы тұрғынының ақшасын қолды етті. Сөйтіп, «Қазпошта» АҚ ҚОФ келтірілген залал 160 мың теңгеден асты. Ұзынкөл аудандық соты ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлімі 2,3-бөлімшесінде көрсетілген қылмыс бойынша айыпты деп танып, бір жылға шартты бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол бір жылға дейін материалдық жауапты қызмет атқару құқығынан айырылды. Сотталған ЗТМО-ға келтірілген  материалдық шығынның орнын өтеді.Үкім заңды күшіне енбеді.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат