Денсаулық

Олимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеру Астанаға келіп жетті

Олимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеру Астанаға келіп жетті

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Бүгін елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және олимпиадашылар мен паралимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеруге қатысушылар туды астаналық байкерлерге табыстады. Марафон 6 шілде – Елорда күнінде Алматыдан басталып, еліміздің батысына жол тартты. Эстафета Қазақстанның барлық қалаларын қамтиды және Риодағы Олимпиада ойындары басталатын күні – 5 тамызда Алматыда аяқталады. Мотошерудің ұзындығы – 7 мың км жуық. «Мотошеру еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, келесі айда Бразилияға баратын олимпиадашыларды қолдау мақсатында өтіп жатыр. Меніңше, шара спортшыларымызға рух беріп, олар дүбірлі додада лайықты өнер көрсетеді», - дейді Қазақстан географиялық қоғамының және Қазақстан Байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин. Мотошерудің туына еліміздің спортшылары өз қолдарын қоятын болады.                                                                                                                                                     Ақпарат көзі: www.24.kz