Саясат

Бурабай курорттық аймағы ЕХРО көрмесінің қонақтарын қабылдауға дайын - Нұрсұлтан Назарбаев

Бурабай курорттық аймағы ЕХРО көрмесінің қонақтарын қабылдауға дайын - Нұрсұлтан Назарбаев

Бурабай демалыс аймағының инфрақұрылымы дамытылады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев көрікті Көкшеге арнайы барып тілшілерге берген сұхбатында айтты. Алдағы уақытта Астана мен Көкшетау арасындағы тасжолдың жиегі жасыл желекпен көмкеріліп, қос шаһардың маңайы орман алқабына айналмақ. Ал Бурабайдың саф ауасы мен мөлдір суын қорғау үшін тазарту тоғаны мен жылу электр орталығы салынады. Жалпы курорттық аймақ келер жылғы ЕХРО көрмесінің қонақтарын қабылдауға дайын, деп хабарлайды 24.kz.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат