Экономика

Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында

Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында

Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Бірдан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті, - деп хабарлайды Strategy2050.kz. "Жалақының кешігу туралы мәселесі ерекше бақылауға алынған. Бүгінгі күні еліміз бойынша ол 1 миллиард 472 миллион теңгені құрайды және берешектің үш түрінен тұрады. Көп берешек банкротқа ұшыраған кәсіпорындарда - 978 миллион теңге, олардың саны елімізде 80 және олар 3 мың жұмыскерлердің алдында қарыз. Олардың қарыздарының өтеу үдерісі заң бойынша атқарылады", - деді Нұрымбетов. Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, бүгіндегі және мерзімі өткен берешектер бар. "Ағымдағы берешек - үш айға дейін 29 кәсіпорындар үшін 410 миллион теңгені құрады және мерзімі өткен берешек үш айдан астам - 9 кәсіпорынға 85 миллион теңгені құрады", - деп толықтырды вице-министр. Айта кетейік, ең үлкен берешек Шығыс Қазақстанда - 92 миллион теңге және Қарағанды облысында - 70 миллион теңге, ал мерзімі өткен берешек бойынша Маңғыстау облысы көш бастайды - 23 миллион теңге және Қарағанды облысы - 16,7 миллион теңге. "Кәсіпорындар бойынша - банкроттықпен берешек болғандардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы байқалады - 260 миллион теңге, 198 миллион теңге - Ақмола облысында және 154 миллион теңге - Батыс Қазақстан", - деді Б.Нұрымбетов. Оның айтуы бойынша, елімізде жалақының көлемі 133 мың теңгені құрайды, ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында байқалады - 298 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 249 мың теңге және үшінші орында өнеркәсіп саласында - 182 мың теңге. Дәстүр бойынша Қазақстанда жоғары жалақы Маңғыстау, Атырау облыстары мен Алматы қаласында байқалады.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz