Саясат

ЭКСПО көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды

ЭКСПО көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі. Елбасы жеделхатта Д.Кэмерон­ға Астана мен Лондон арасындағы байланыстарды жан-жақты ны­ғайтуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Д.Кэмеронды 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халық­аралық көр­месінің құрметті қонағы болуға шақырды. Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания экс-премьер-ми­нистрі Д.Кэмеронға зор денсау­лық, бақ-береке тіледі.

Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан