Қазақстандық жүк көліктері екі апта бойы Ресей-Беларусь шекарасынан өте алмай тұр.
Қазақстандық жүк көліктері екі апта бойы Ресей-Беларусь шекарасынан өте алмай тұр.
Украинадан елімізге тауар тасымалдайтын темір тұлпарлар Смоленск түбінде тоқтатылған. Екі аптадан бері шекарада түнеп жүрген азаматтарымыз ел билігіне үндеу жолдады. Шекарашылардың айтуынша, Ресей шілденің бірінен бастап Украинадан тасымалданатын тауарды шектеген. 3 күннен кейін мүлдем кіргізбей қойған. Енді жолда қалған көлік жүргізушілерінің ішер асы да, ақшасы да таусылғанға ұқсайды. Көлік логистика компаниясының өкілі Еркебұлан Суанбаевтың айтуынша, олар 1 шілдеде шығарылған жарлықтан хабарсыз. Алдын ала ескерту жасалмаған. Сондай-ақ заңда тағы бір өзгеріс бар. Енді жалғыз Украина ғана емес, үшінші мемлекеттен шыққан тауарлар да Ресей арқылы өткізілмейді. Жамбыл Сұрағанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми өкілі: - Осы сұрақ бойынша құзырымыздағы барлық шараны қолға алып отырмыз. Негізі бұл – саяси мәселе. Сондықтан оны Ұлттық экономика министрлігі өз бақылауына алды. Ақпарат көзі: www.24.kz