Францияның оңтүстігінде террористік қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды
Францияның оңтүстігінде террористік қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды
80 адамның өмірін қиған Ниццадағы шабуылдан кейін Теңіз жағалауы Альпісі департаментінде террористік қауіп деңгейі ең жоғарғы деңгейге көтерілді. Бұл туралы РИА Новости Франция ІІМ басшысы Бернар Казневке сілтеме жасап хабарлады. «Департаментте терроризмге қарсы Vigipirate жоспарының деңгейін "теракт-қаупі" деңгейіне дейін көтеруді шештік», - деді министр. Сондай-ақ ол Ниццада қауіпсіздік және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына деген құрмет ретінде алдағы уақытқа жоспарланған шаралар өтпейтінін айтты. Казнев билік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдан келгенін жасап жатқанын айтты. Ол елдегі теракт қаупі жоғары екенін жеткізді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат