Денсаулық

Демалыс күндері БАӘ-да 64 градус ыстық болады

Демалыс күндері БАӘ-да 64 градус ыстық болады

Алдағы демалыс күндері БАӘ-да ауа ылғалды, ал температура аса жоғары болады деп күтілуде. БАӘ Метеорология және сейсмология ұлттық орталығының ақпаратынша, алдағы уақытта БАӘ кей аудандарында сынап бағанасы 47° C дейін көтеріледі. Алайда ылғалдылықтың жоғары болуы салдарынан 64°C ыстық сезіледі. Орташа алғанда ылғалдылық деңгейі 90% құрайды, алайда 100% дейін жетуі мүмкін. Синоптиктер БАӘ тұрғындарына далада көп жүрмеуге, сонымен қатар, бөлме температурасындағы суды көбірек ішуге кеңес береді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат