Ниццада теракт болды: Ондаған адам қаза тапты
Францияның Ницца қаласында Бастилияны алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды жүк көлігі қағып кетті, — деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.
БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 22.30-да болған. Осыдан кейін жүк көлігіндегілер адамдарға оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында жарылыстар естілген. Жергілікті билік үйден шықпауды сұрап отыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, терактіден шамамен 30 адам қаза тапты, 100-ге жуығы зардап шеккен.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Comments are closed.