Денсаулық

"Жібек жолы" ралли-марафоны Жамбыл облысына келді

"Жібек жолы" ралли-марафоны Жамбыл облысына келді

"Жібек жолы" халықаралық ралли-марафон Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінің аумағы арқылы өтеді. Кеше жарыс экипаждары Ақмола облысы арқылы біздің облысқа келді. Бұл жарыс - спорттық бәсекенің ең күрделі түрі. Жарысқа қатысушылар үшін бұл оңай сынақ емес. - Біз Ресейдің және Қазақстанның шексіз жазығын, бұралаң тау жолдарын және құмды алқаптарын дайындағанбыз. Алайда ауа райының қолайсыздығынан жолдың бірнеше шақырымы қысқартылды, - дейді жоба директоры Владимир Чагин. Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша ауа райының күрт бұзылуынан қауіпсіздік сақтау қиындап кеткен. Сондықтан да жарыс көліктері 366 шақырымдық сынақ межесінің орнына 224 шақырым жолды жүріп өткен.

видео Дауыл Ынтыкбаев фейсбук парақшасынан алыңған