Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады және екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. «Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз», – делінген жеделхатта. Елбасы соңында Т.Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына, ал Біріккен Корольдік халқының өркендей беруіне тілектестігін білдірді.
ақпарат көзі akorda.kz