Денсаулық

Қытайда ғажайып мұсылман қалашығы ашылды

Қытайда ғажайып мұсылман қалашығы ашылды

Қытайдың Иньчуан қаласында «World Muslim City» («Әлемдік мұсылман қаласы») аттракционды паркі ашылды.

  Алып кешенде әлемге әйгілі ислам сәулет өнері туындылары мен өркениетінің көшірмелері бой түзеген деп жазады ummet.kz. Пекин қаласынан 600 шақырым қашықтыққа орналасқан Нинся-Хуэй автономды ауданы бұл кезге дейін туристердің назарынан тыс болып келген. Алайда, ел билігі «мұсылман қаласының» ашылуымен араб елдерінен қызығушылық танытушы меймандар көбейетініне сенімді.

China Daily ағылшын газетінің хабарлауынша, кешеннің жалпы көлемі – 8 га. Құрылысқа 3,15 миллиард еуро қаражат жұмсалған. «Әлемдік мұсылман қаласы» экспонаттары қатарында Стамбулдағы Көк мешіт, Үндістанның «Тәж-Махалы» мен басқа да ескерткіштер бар. Ал көше бойындағы жазулар араб тілінде жазылған.

Ал Иньчуанның мұсылман орталығы ретінде таңдалуының да себебі бар. Нинся-Хуэйс автономды ауданында негізінен ислам дінін қабылдаған қытайлар тұрады. Олар ҚХР-дың 92% өзге де қытайлары секілді бір тілде сөйлейді, алайда, сенім бойынша өзгешеленеді.

Ақпарат көзі: Nur.kz