Денсаулық

Якутияда шіліңгір шілдеде қар жауды

Якутияда шіліңгір шілдеде қар жауды

Якутияның Себян-Кюель елді мекенінде қар жауды, сәрсенбі күні де жауған қар тоқтар емес, деп хабарлайды Ykt.ru. «Онсыз да біздің жазымыз қып-қысқа, қоңыр салқын. Әдетте бұл уақытта 15-20 градус жылы боп тұратын. Әркез шомылатын мүмкіндік болмайтын. Ал биыл табиғат тіпті таң қалдырды», - деген участкелік аурухана пациенттері. Тында қаласында да сол жағдай. Сәрсенбі күні таңғы уақытта Амур облысының солтүстік астанасы 4 градус жылуды көрсеткен. Кейбір тұрғындардың автокөліктеріне мұз қатқан. «Таң. Сағат алты. Жаздың күні қармен ойнауға болады! Не деген суық еді! Менің құлпынайым мұз құрсанып тұр», - деп жазды әлеуметтік желіге Тында қаласының тұрғыны.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат