Экономика

ЕАЭО туралы келісім-шартта жеке тұлғалардың кірістеріне алғашқы жұмыс күнінен бастап бірыңғай салық салу туралы норма болады - Т.Сүлейменов

ЕАЭО туралы келісім-шартта жеке тұлғалардың кірістеріне алғашқы жұмыс күнінен бастап бірыңғай салық салу туралы норма болады - Т.Сүлейменов

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартта жалдамалы жұмыстың алғашқы күнінен бастап жеке тұлғалардың кірістеріне бірыңғай салық салуды қарастыратын норма болады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық одақтың экономика және қаржы саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов VII Астана экономикалық форумы барысында.

«ЕАЭО туралы Келісім-шарт жобасында құқықтық норма енгізілген, 183 күн өткен соң емес (қазіргі заңнама бойынша), соған сәйкес жалдамалы жұмыстың алғашқы күнінен бастап КО және БЭК мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларының кірістеріне салық салудың бірыңғай шарттары қарастырылады», - деді Т.Сүлейменов.

Ол еңбек көші-қоны саласында интеграциялық бірлестіктер аясында келісімділікке қол жеткізілгенін, соған сәйкес КО елдерінің азаматтары Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім-шарттың кез-келген қатысушы мемлекетінде еңбек қызметін іске асыруға құқылы болатынын атап өтті. Оған қоса, мүше мемлекеттер азаматтарына еңбек ететін мемлекетте еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейді.

«Келешекте жалпы еңбек нарығын қалыптастыру үшін мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік сақтандыру бойынша норма маңызды орын алады, яғни еңбекпен қамтитын мемлекеттің азаматтарымен бірдей шарттарда, сол тәртіппен жүзеге асады», - деп толықтырды Т.Сүлейменов. Оның айтуынша, бұл норма Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім-шарт жобасына енгізілген. Сонымен бірге, азаматтарымызды жалпы еңбек нарығы аясында зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер базалық келісім-шартқа жеке келісімдерде шешіледі.

                                                                                      Ақпарат көзі: www.primeminister.kz