Т.Төлешев халықаралық қылмыстық топтарды қолдап келген - ҰҚК
Т.Төлешев халықаралық қылмыстық топтарды қолдап келген - ҰҚК
Билікті басып алуға әрекет етті деп айыпталып отырған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев халықаралық қылмыстық топтарды қаржыландырып, оларды үнемі қолдап келген. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев мәлім етті. Тоқтар Төлешев пен оның халықаралық сыбайластары өздерін «бауырлас топ» деп атаған. Ал, Т. Төлешев осы трансұлтты қылмыстық топтардың басшыларына қаржылай көмек беріп келген. «Тергеу анықтағандай, Т. Төлешев «Хасан ата» атты лақап атымен танымал Аслан Усоянмен, «Ташкенттің Жорасы» деген Георгий Сорокинмен, «Мерный Гафур» атты лақап аты бар Гафур Арсланбек Рахимовпен, «Бухар Максим» атты лақап аты бар Нозин Жұмаевпен, «Ильяс көке» атты лақап атымен танымал Ильяс Сұлтановпен тығыз байланыста болған»,-дейді Руслан Қарасев. Тергеу барысында анықталғандай, Т. Төлешев жоғарыда аты аталған адамдарға және олардың қылмыстық тобына үнемі ірі көлемде қаржы аударып отырған.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат