Т. Төлешевтің ісі бойынша 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда
Т. Төлешевтің ісі бойынша 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда
Бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешевтің ісі бойынша 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тағы 300 адам куәгер ретінде іске тартылған. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тоқтар Жүсіпұлы Төлешевке қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтарын тергеуді аяқтады. Осы іске байланысты 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тағы 300-ге жуық адам куәгер ретінде іске тартылған»,-делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз мәслихаты алдында таратқан ақпаратында. Тергеу барысында Т.Төлешовтің бірқатар ауыр және өте ауыр қылмыс жасағаны дәлелденген. Атап айтсақ,оған Қылмыстық кодекстің 125, 126, 179, 182, 192, 262, 265, 266, 268, 287, 296 және 367 баптары бойынша, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясындағы 96, 107 және 187 баптары бойынша айып тағылып отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім еткендей, Т.Төлешов трансұлттық қылмыстық топты қаржыландырып, тұрақты түрде қаруланған топты құрған және оны басқарған. «Т. Төлешев басқарған қылмыстық топ оның бұйрығымен адам өлтіру, адам өлтіруге әрекет жасау, адамды заңсыз ұрлап, оны бостандығынан айыру, қорлау, ұрып-соғу, біреудің мүлкін әдейі жою істерімен айналысқан»,- деп хабарлады баспасөз қызметі. Тергеу анықтағандай, Т. Төлешев пен оның біраз сыбайластары әлеумет арасында шу шығарып, жаппай тәртіпсіздік пен наразылық шараларын ұйымдастыру арқылы биліктің күшпен басып алуға әрекет еткен.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат