Шымкент қаласының тұрғыны үйінің бір бөлмесін мұражайға айналдырған
Шымкент қаласының тұрғыны үйінің бір бөлмесін мұражайға айналдырған
Шымкентте қарапайым мал дәрігері Руслан Темірәлиев 20 жылдан бері көне радиотехникалар мен күйтабақ жинаумен айналысады. Қазір олардың біразының қосалқы бөлшектері сатылымда жоқ. Соған қарамастан әуесқой жігіт бұзылып қалған ескі техниканы өзі жөндейді. Мәселен, коллекционер бүгінге дейін сирек кездесетін техниканың 200-ден астам түрін жинаған. Руслан Темірбекұлы үйінің бір бөлмесін мұрайжайға айналдырған. Онда көне радиотехникалардың 200-ден астам түрі бар. Оның 90 пайызы жарамды. Сөрелерде қаз-қатар тізілген транзисторлар, магнитафондар мен радио қабылдағыштар шаң басып бұзылып қалмас үшін тазалап тұрады. Руслан Темірәлиев, коллекционер: - Ең қиыны қазіргі заманда қосалқы бөлшегін табу. Ең көп деген инесінің өзін ақшаға таба алмайсың. Одан басқа лампасы, подшивниктері бар, бәрі шығарлымайды. Интернет арқылы табамыз. 1928 жылы шыққан мына патефон сақылдап әлі жұмыс істейді. Ол үшін білте темірін қолмен бұрап отырсаңыз болды. Дегенмен оның күйтабақтарын табу қиын дейді коллекционер. Сондықтан 70-80 жылдардағы үздік топтардың әні жазылған таспаларды жинап қойған. Айтынша, сол әуендерді тыңдап, жастық шағын есіне алып отырады. Руслан Темірәлиев, коллекционер: - Дауысы онша қатты шықпайды. Дискотекадай билеуге келмейді. Бірақ, кішігірім ортада тыңдап отыруға болады. Русланның әкесі ескі радиоларды жинаған. Сондықтан болар Расул жақсы үрдісті жалғастыруды ойлаған. Қазір қолда бар дүниелерінің бірқатарын Омбы, Ташкент пен Қарағандыдан сатып алған. Руслан Темірәлиев,коллекционер: - Көбісінің документтері бар. Бұл әншейіннен әншейін базардан сатып алынған зат емес. Үйлерден іздеп жүріп, документтерімен аламын. Руслан үшін «Юность», «Иволга 66», «Север», «Урал 57»деп аталатын музыкалық аппараттардың орны бөлек. Өйткені жас кезінен бастап осы радио толқындарды тыңдап өскен. Қазір оның қоймасында тағы 30 шақты техника бар. Алайда оларды жөндеу керек. Әуесқой жігіт болашақта көненің көзідей болған дүниелерден мұражай ашуды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі: www.24.kz