Малайзия Премьері Қазақстанға жоғалған ұшақты іздеуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді
Малайзия Премьері Қазақстанға жоғалған ұшақты іздеуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді
Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разак елімізге ресми сапары аясында баспасөзге мәлiмдеме жасап, жоғалған ұшақты іздеуге қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғысын білдірді. «Мен сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғалған «Боинг 777-200» ұшағын iздестiру жұмыстарына қолдау көрсеткенi үшін алғысымді бiлдiремін», - деді Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разак. Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпур – Бейжің рейсін орындаған Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағымен байланыс кенеттен үзіліп қалған болатын. Үшті-күйлі жоғалып кеткен лайнерге 12 экипаж мүшесінен басқа 227 жолаушы отырған екен.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz