Денсаулық

Қазақстан Президентінің туған күніне орай Украина Президенті Петр Порошенко құттықтау жолдады

Қазақстан Президентінің туған күніне орай Украина Президенті Петр Порошенко құттықтау жолдады

Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке тілеп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табысты болуына ниеттестігін жеткізген. Украина Президенті Қазақстан тарапы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі биік мәртебелі қызметі аясында Украина төңірегіндегі ахуалды реттеу, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді. Сондай-ақ П.Порошенко Украина Қазақстанмен арадағы өзара тиімді көпқырлы ынтымақтастығын екі елдің игілігі жолында жалғастыра беретінін айтқан.